Ғалымдар ғарыштан таңғажайып құбылыс байқады
Ол шамамен алты миллиард жарық жылы қашықтықта орналасқан.
Джеймс Уэбб телескопы арқылы түсірілген таңғажайып суреттен ғарыштағы жарқыраған квазарды көруге болады. Бұл туралы goodnewsnetwork.org хабарлады.
Квазарлар – белсенді галактикалардың жарқыраған орталығы, олардың энергиясының көзі – алып қара құрдымдар, олар өте көп мөлшердегі газбен қоректенеді.
Астрономдар RX J1131-1231 деп аталатын квазаны гравитациялық линзалау арқасында бақылай алды. Гравитациялық линзалаудың бір нәтижесі – бұл алыстағы астрономиялық объектілерді ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Шамамен алты миллиард жарық жылы қашықтықта орналасқан RX J1131-1231, Кратер шоқжұлдызында, бүгінгі күнге дейін табылған ең жақсы линзалалған квазарлардың бірі саналады.
Еуропа ғарыш агенттігі (ЕКА) оны «асыл тастармен безендірілген сақина» деп сипаттады. NASA бұл суретті «Мезгіл жауһары» деп атап, бұл жарқыраған «асыл тастар» шынымен бір объектінің – өте жарқын квазаның төрт суреті екенін түсіндірді.