Жаңалықтар

14 оқушы қытырлақ картоптан уланып, ауруханаға жеткізілді

www.istockphoto.com

Ғалымдар «көпке танымал қытырлақ картоп (чипсы) – адам организміне дым пайдасы жоқ тағам, өте зиян» деп дабыл қағып жүр.

Токиода жоғары сыныпта оқитын 14 оқушы қытырлақ картоптан уланып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды turkystan.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Оқушылардың бірі сабаққа ащы бұрыш қосылған өнімді алып келген. Сыныптағы 30 оқушы қызығып, дәмін татқан. Көп ұзамай оқушылардың жүрегі айнып, ауыз қуысы ауырған.

Нәтижесінде 13 қыз және 1 ер оқушы дереу арада ауруханаға жеткізілді.