Медицинадағы серпіліс: АҚШ ғалымдары ВИЧ инфекциясынан 100% қорғайтын препарат жасап шығарды
Препарат инъекция түрінде жылына 2 рет енгізілуі керек.
АҚШ ғалымдары ВИЧ инфекциясынан 100% қорғайтын препарат жасап шығарды. Бұл туралы interestingengineering.com хабарлады.
Препарат инъекция түрінде жылына 2 рет енгізілуі керек.
Оңтүстік Африка мен Угандада өткізілген ауқымды клиникалық зерттеулерге 2 000-нан астам адам қатысқан. Зерттеу қорытындысына сүйенсек, олардың бірде-біреуі инфекция жұқтырмаған.
Бір айта кетерлігі, препараттың бағасы тым қымбат. Екі екпенің құны 42 мың АҚШ долларынан асады. Бірақ ғалымдар бұл мәселені шешу жолдарын қарастырып жатыр.