Жаңалықтар

Бельгиялық Жәнібекті асырап алған әйел қайтыс болды

Қымбат Досжан/инстаграм

Бұл туралы белгілі тележүргізуші Қымбат Досжан желідегі парақшасында мәлімдеді.

Жәнібек Савельевтің асырап алған белгиялық анасы қайтыс болды. Бұл туралы белгілі тележүргізуші Қымбат Досжан желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Достар, Жәнібекті асырап алған Валери анасы бұл өмірмен қош айтысты.

Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас.

Жәнібек берік бол…»,  - деп жазды Қымбат Досжан.