Париж Олимпиадасында 12 қазақстандық төреші төрелік етеді
Халықаралық федерациялар Олимпиадаға қатысатын төрешілерді қатал іріктеуден өткізеді.
10 күннен соң Парижде басталатын жазғы Олимпиада ойындарында 10 қазақстандық төреші төрелік етеді, деп хабарлайды turkystan.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Төртжылдықтың басты додасында 12 қазақстандық маман төрелік етеді.
Олар: Алуа Бектұрова (көркем гимнастика), Ольга Соловьева (ауыр атлетика), Әлия Каримова (әртістік жүзу), Юлия Игнатченко, Меруерт Қаукеева (теннис), Тимур Әмірбеков (спорттық гимнастика), Евгений Дьякокин (семсерлесу, сабля), Евгений Михеев (баскетбол), Ерік Жұмабеков, Игорь Лигай (күрес), Әлішер Алтаев, Ермек Сүйеніш (бокс).