Жаңалықтар

17 шілдеге арналған ауа райы болжамы

istockphoto.com

Қазгидромет 17 шілде, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін елдің басым бөлігіне баяу жылжитын оңтүстік циклоны және онымен бірге келетін атмосфералық фронттар ықпал етеді.

Соның салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, орталықта найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. 

Нөсер жауын қатты желмен бірге жауады.

Республика бойынша жел күшейеді.

Күндіз Атырау облысында қатты ыстық сақталады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Павлодар облысында жоғары өрт қаупі бар. 

Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысында төтенше өрт қаупі сақталады.