Қоғам

Төреғали Төреәлінің қарындасы алаяқтармен күресудің жолын көрсетті

Фариза Төреәліні әлеуметтік желідегі алаяқтардың әрекеті әбден мезі еткенге ұқсайды.

Танымал әншінің қарындасы Фариза Төреәлі желідегі оқырмандарына күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

"Алаяқтар! Өтініш алданбаңыздаршы! Менің атымнан түрлі таргет, жарнама жасалып жүр", - деп ескертті блогер әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ ол өз атынан жасалған жалған жарнамалармен қалай күресуге болатынын да атап өткен.

Көрсеңіздер "шағымдану" батырмасын басыңыздаршы", - деп жазды ол жеке парақшасында.