Жаңалықтар

Димаш Құдайберген әлемдегі «ең сұлу әйелді» құттықтады

dimashnews.com

15 шілде - әншінің анасы Светлана Айтпаеваның туған күні.

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде анасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшасында анасы Светлана Айтпаеваның суретін жариялап:

«Әлемдегі ең сұлу әйелді туған күнімен құттықтаймын. Мен сізді өте қатты жақсы көремін», — деп жазды Димаш Құдайберген.