Қоғам

Жетісай ауданындағы ауруханада 10 жастағы қыз қайтыс болды

otyrar.kz

Қазір ауруханада баланың қайтыс болу фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.

Түркістан облысындағы аудандық ауруханада 10 жастағы қыз қайтыс болды. Бала қызылшамен ауырып, инфекция бөліміне жатқызылған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Otyrar-ға сілтеме жасап.

«Шамамен бір сағаттан кейін қызым ұстамамен ауырды, құрысулар басталды. Мен көмекке шақырып, айқайладым. Қызымның қызуы жоғары болды. Бірақ Айман есімді дәрігер ешнәрсе істемеді. Реанимациядағы дәрігерлер әріптестерінен преднизолон бергенін сұрады, олар бермеген. Аллергосепт те бермеген. Кейін реаниматологтар «сіздерде құрал-жабдықтар да, дәрі-дәрмектер де жоқ» деп, менің қызымды сағат 20.00-де реанимацияға жатқызды. Менің қызым 10-11 жасқа дейін мүлдем ауырмаған», - деді қыздың анасы Райхан Жорақұлова.

Анасы қызы орналастырылған ауруханада тиісті дәрі-дәрмектер жоқ екенін жеткізді. Тегін берілуі тиіс дәріні өздері жақын маңдағы дәріханалардан сатып алуға мәжбүр болған.

«Олар қазір басқаша сөйлеп отыр. Алдымен олар «бәрі жақсы» деп айтты, кейін олар оның ісініп жатқанын айтты. Шынымды айтсам, қатты таң қалдым», - дейді Жібектің әкесі Ғабит Аралбаев.

Қазір ауруханада баланың қайтыс болу фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.

«Науқаста ауыр ЖРВИ, вирустық менингит, энцефалит, инфекциялық-уытты шок, үшінші дәрежелі кома тіркелді. Түскеннен кейін, сол күні оның жағдайы нашарлады. Преднизолон және аллергосепт – анафилактикалық шок үшін қолданылатын дәрілер. Оларды қарапайым бөлімшелерде пайдаланбайды», - деп жауап берді Жетісай ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Жолдасбеков.

Тексеру нәтижелері полицияға одан әрі қарау үшін беріледі. Жібектің отбасы әділдікті талап етіп отыр.