Англия құрамасын 8 жыл басқарған Гарет Саутгейт бапкерлік қызметтен кетті
Англия құрамасы команданың бас бапкері Гарет Саутгейттің қызметінен кеткенін хабарлады, деп жазады turkystan.kz.
Белгілі болғандай, 53 жастағы маман қызметінен өз еркімен кеткен.
Саутгейт Англия құрамасын 2016 жылдың қыркүйегінен бастап жаттықтырған.
Ұлттық құрама оның жетекшілігімен 102 кездесу өткізіп, 64-інде жеңіске жетіп, 20 рет тең ойнаса,18 ойында жеңіліс тапты.
Одан бөлек, оның жетекшілігімен Англия құрамасы Еуропа чемпионаттарында екі рет (Еуро-2020 және Еуро-2024) күміс жүлдегер атанды. Әрі екі рет әлем чемпионатының жартылай финалына (ӘМ-2018 және ӘМ-2022) дейін жетті.
Еске сала кетейік, екі күн бұрын Англия футболшылары Еуропа чемпионатының финалында Испанияға (1:2) есе жіберіп, күміс жүлдені місе тұтқан болатын.