Шымкентте қылмыстық әрекет жасаған 14 адам ұсталды (ВИДЕО)

16 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
Polisia.kz
Тінту шараларының нәтижесінде атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Полиция жастардан құралған топтың қылмыстық әрекеттерін тоқтатты.

Топ мүшелерін Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Шымкент және Алматы қалаларының аумағында ұстады.

Оларға қатысты көңіл көтеру мекемелеріне ықпал ету бойынша қаруды қолдана отырып, қылмыстық әрекеттер жасағаны туралы жайттар тіркелген.

Полицияға 14 адам жеткізілді, тінту шараларының нәтижесінде атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Тэгтер:

Шымкент қылмыс