"Көлігімді мұқтаж жанға сыйлап, өзім жаяу қалғанмын": әнші Бағлан Әбдірайымов кең адам екенін айтты
Оның сөзінше, бұл - оның өмірлік ұстанымы.
“Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов өзінің кең адам екенін айтып, бойындағы қасиеті туралы Instagram-дағы оқырмандарымен ой бөлісті.
Менің бір жаман әдетім бар. Қолымдағы бар нәрсені жұрттарға таратып жібере саламын. Әлде ол жақсы әдет пе? Мысалы бір сұхбатта отырып, жүргізуші "бір кісіге көмектесе аласың ба?" деп сұрағанда, "иә, көмектесейін" дедім. Артта тұрған өзім мініп жүрген астымдағы көлігімді басып ешнәрсе сұрамай, ешкімнен ешнәрсе күтпей, бере салдым. Өзім солай көліксіз қалып, біраз жаяу жүріп қалғанмын. Бір қызығы іште сосын ешқандай өкініш болмайды, – деді ол.
Сонымен қатар ол, жақындарын да ұмытпай, қолдан келгенше көмектесетінін айтады.
Бұл – Нұрсұлтан деген жігіт. Қандай іс-шара жасасам да, көрермен болып қолдап, қалмай келіп жүреді. Оған қолымдағы сағатымды естелікке беріп жібердім. Осылай жүрген жерімде қолымдағы барын таратып жүремін. Көп адам мұны түсіне алмай жатады, - деді әнші.
Оның сөзінше, бұл - оның өмірлік ұстанымы.
Кең болсаң, кем болмайсың. Ризықты беретін – Алла, басқа жерден де береді. Ең бастысы пейілді тарылтпасын, – деп жазды продюсер.