Париж-2024: Халықаралық дзюдо федерациясы Эсмигүл Куюловаға жекелей сында белдесуге рұқсат берді
Париж Олимпиадасында жалпы саны сегіз дзюдошы бақ сынайды.
Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасында жекелей сында белдеседі, деп хабарлайды turkystan.kzOlympic.kz-ке сілтеме жасап.
"Эсмигул Куюлованың жекелей сында өнер көрсететіні расталды. Бұған дейін ол аралас командалық сайыста белдесуге квота алған болатын.
Енді оған тағы ұпайлар қосылып, Халықаралық дзюдо федерациясы Куюлованың 63 келіде жекелей сында күресетінін растады", - дейді Имашев ҚР ҰОК сайтына берген ресми сұхбатында.
Еске сала кетейік, Эсмигүл Куюлова – дзюдодан Азия ойындарының (2023) және Азия чемпионатының (2024) қола жүлдегері.
Париж Олимпиадасында жалпы саны сегіз дзюдошы бақ сынайды.