Жаңалықтар

9 адам зардап шеккен: Алматыда тағы да автобусы апаты болды (ВИДЕО)

скриншот

Жол апаты Алматының Шаляпин және Әшімов көшесінің қиылысында болған

Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына түсті. Желіде куәгерлердің оқиға орнында түсірген видеосы тарады.

 Полиция департаментінің алдын-ала мәліметі бойынша, 9 адам зардап шеккен.

Telegram-дағы арналардың бірінде жол апаты Алматының Шаляпин және Әшімов көшесі қиылысы бойында болғаны хабарланды. аталмыш фактіге қатысты  Алматы қалалық полиция департаментіні түсінік берді.

«Бұл жол-көлік оқиғасы Наурызбай ауданында сағат 09:15-те болған. Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, аялдамада тұрған № 137 бағыттағы жолаушылар автобусына соқтығысты. Автобус инерциямен жолдың шығыс бетіне шығып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылған. Алдын-ала мәлімет бойынша, 9 адам зардап шекті», - делінген хабарламада.

Полиция департаменті өкілдері жол-көлік оқиғасының басқа да себеп-салдарын анықтап жатқанын мәлімдеді.