Жаңалықтар

Антикор Дауренбек Қожабаевты іздестіріп жатыр

антикор

Антикор өкілдері іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік кепілдік берілгенін мәлімдеді.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін, халықаралық іздеуде жүрген ҚР азаматы, 16.10.1978 ж.т. Дауренбек Аманкулович Кожабаевты іздестіруде.

«Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, Агенттікке келесі телефондар арқылы: 1424 – Call-орталыққа, 8 (7172) 90-92-60 (Кезекші бөлім), 8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33, хабарлау қажет», - делінген хабарламада.

Антикор өкілдері іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік кепілдік берілгенін мәлімдеді.