Синоптиктер: Бүгін батыс өңірінде қатты ыстық күтіледі
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.
Бүгін күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.
Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Маңғыстау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Түркістан облысы
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 16 шілдеде кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 16 шілдеде кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысы
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 16 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 16 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана
Астана қ.: 16 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Ұлытау облысы
16 шілдеде Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Жезқазған қ.: 16 шілдеде күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысы
Түнде Қарағанды облысының батысында, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 16 шілдеде күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысы
Күндіз Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 16 шілдеде күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысы
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Маңғыстау облысы
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай, облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 16 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 16 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысы
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай: 16 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысы
Таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 16 шілдеде облыстың батысында төтенше, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 16 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысы
Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Семей қ.: 16 шілдеде найзағай күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 16 шілдеде найзағай күтіледі.
Ақмола облысы
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 16 шілдеде таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Жетісу облысы
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 16 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
Алматы облысы
Күндіз Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с. Алматы қ.: 16 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Қонаев қ.: 16 шілдеде таңертең және күндіз кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 16 шілдеде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.