Спорт

Тимофей Скатов Швецияда негізгі жарысқа жолдама алды

Тимофей Скатов Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өтті.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 153-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноның мысын басты, деп хабарлады turkystan.kz.

Скатов қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктірді. 

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында франциялық Мануэл Гинармен ойнайды. 15-21 шілде аралығында өтетін Бостад додасының жүлде қоры 651 865 еуроға бағаланған. Жарыс жеңімпазы 88 125 еуроға қоса 250 рейтингілік ұпайға ие болады.