Қоғам

Түлектер кешінде би билеген Нұрболат Абдуллин халықтың сынына ұшырады (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/nurbullin/

Танымал әнші сахнада ән айтып, бірнеше қызды вальске шақырған.

Әнші Нұрболат Абдуллин халықтың сынына ұшырады, деп хабарлады turkystan.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин "Mи Lion education" орталығының 5 жылдық түлектер кездесуінде сахнада ән айтып, бірнеше қызды вальске шақырған.

Әнші қыздармен алма-кезек вальс билеген видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Әншінің жас қыздармен билегеніне адамдар әзіл-шыны аралас түрлі пікір білдіріп жатыр. 

"Бүгін көлікте ұйықтайсыз-ау", "Абайлаш, құрсын белден ұстаған үшін 3 тәулік болып жүрмесін", "Бүгін билеп алыңыз, ертең кешірім сұрап тұрған видео күтеміз", "Сұлтан Сүлеймен боп тұрсыз" деген оқырмандарға әншінің топ қыздың алдында өнер көрсеткені қызық болған сияқты.