Жаңалықтар

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

www.istockphoto.com

Ертең Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, 7-18 шілде күндері солтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігі циклонның ықпалында бола, деп жазды turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері біраз аймақта жаңбыр жауады. 

16-17 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, 7-18 шілдеде солтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің шығыс аймағында да жауын-шашын болады. Бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанып отыр. 

Республиканың батысында күндізгі ауа температурасы +25 +36°С, солтүстік-батысында +25+30°C болады. 

Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +27+37°С, оңтүстік-шығысында +25+35°С, солтүстікте, орталықта +21+30°С, шығысында +23+32°С дейін төмендейді.