Жаһан

100 жылдағы ең төмен көрсеткіш: Ұлыбританиядағы сайлауға ел халқының жартысы ғана қатысқан

сурет: istockphoto.com

Бұл Бірінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең төменгі көрсеткіш болды.

Ұлыбританияда өткен сайлауға сайлауға қатысуға құқығы бар ел халқының жартысы ғана қатысқан. Бұл туралы елдегі Мемлекеттік саясатты зерттеу институтыны мәлімдеген

Осы айдың басында өткен жалпы сайлауда дауыс беру құқығына ие адамдардың тек 52%-ы ғана дауыс берген. Бұл Бірінші дүниежүзілік соғыстан (1914-1918 жж.) бергі ең төменгі көрсеткіш болды.

Тіркелген сайлаушылардың тек бесеуінің үшеуі ғана дауыс берді, бұл 2001 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш, алайда бұл көрсеткіш бүкіл ересек халықтың үлесі ретінде қарастырғанда одан да төмен.

Егер дауыс бермегендер партия болғанда, олар үлкен басымдықпен жеңіске жетер еді, - деп түйіндеді елдің Мемлекеттік саясатты зерттеу институты.

Сайлауда Лейбористік партия жеңіске жетіп, өз көшбасшысы Киер Стармерді премьер-министр етіп тағайындады және 14 жылдық консерваторлар билігін аяқтады.