Жаңалықтар

17 шілдеде телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады

istockphoto.com

Сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Қазақстанда 17 шілдеде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетіндіктен, телерадиохабарлар тарату уақытша тоқтатылады.

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

17 шілдеде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

Компания өкіледрі уақытша қолайсыздықтар үшін көрермен, тыңдарманнан кешірім сұрайды.