Жаңалықтар

Тауда мотоцикл жүргізушілерін қамшымен сабағандар іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

скриншот

Аталған жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қаскелен тауларында мотоциклшілерді мылтықпен қорқытып, қамшымен сабаған адамның бейнежазбасы тарады.

Аталған жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

— 14 шілде күні «Известковый» тауларында бейтаныс адамдар бір топ адамды ұрып-соққаны туралы шағым Қарасай аудандық полициясына келіп түсті. Жәбірленушілер сөзінше, бейтаныс адамдар оларды жануарларды үркітті деп айыптап, қамшымен сабаған және мылтықпен қорқытқан. Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.