«Наурыз» бағдарламасы: Өтінім берген үміткерлер тізімі жарияланды

15 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
istockphoto.com
Тізімге енген 12 500 адамның 7 151-і – отбасылы қазақстандықтар.

25 сәуірде Қазақстанда «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған болатын. 38 мыңнан астам өтініш қаралып,  оның ішінде 12 500 қазақстандық қабылданды, деп хабарлады «Отбасы» банк.

«Наурыз» бағдарламасының рейтингтік кезеңі сәтті аяқталғанын хабарлаймыз. Өтініштердің жалпы саны 38 000-нан астам болып, олардың 12 500-і қабылданды», - делінген Отбасы Банктің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Тізімге енген 12 500 адамның 7 151-і – отбасылы қазақстандықтар, 9 100-і – кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар. Қатысушылардың шамамен 47% тұрғын үй кезегінде тұрғандар, олардың жартысы халықтың әлеуметтік осал санатына жатады.

Нәтижелерді Отбасы Банк сайтынан мына сілтеме арқылы білуге болады: https://hcsbk.kz/ru/to-get-a-loan/nauryz/

Ұпайлар қалай есептелді?

«Наурыз» бағдарламасының шарттары:

Қарыздың ең жоғарғы мөлшері:

- Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін.

- қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.

Тэгтер:

Жаңалықтар Баспана тізім Ипотека «Наурыз» бағдарламасы