Спорт

Испания құрамасы 4 дүркін Еуропа чемпионы атанды

twitter.com/EURO2024

Испандықтар бұрын-соң­ды ешкім қол жеткізбеген екі рекорд тіркеді.

Еуропа чемпионатының финалында Испания құрамасы Англия командасын жеңіп, чемпион атанды.

Тартысқа толы кездесу 2:1 есебімен испандықтардың пайдасына аяқталды.

Сондай-ақ испандықтар екі рекорд тіркеді. Біріншіден, Испания командасы Еуропа чемпионатында жеті ойынды қатарынан жеңген алғашқы құрама атанды.

Екіншіден, Испания Еуропа чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы атанды. Олар 1964, 2008 және 2012 жылдары жеңімпаз атанған болатын.