Спорт

Головкин қанша жалақы алады?

championat.com

Оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сонымен бірге Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған

ҰОК Головкинның жалақысына қатысты желіде тараған ақпаратқа жауап берді, деп жазады turkystan.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады, яғни, оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ.

Оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сонымен бірге Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған.