Жаһан

Қырғызстанда тағы сел жүріп, 4 адам жоғалып кетті

Видеодан алынған кадр

Қалада төтенше жағдай жарияланды

Қырғызстанда сел жүріп, 4 адам жоғалып кетті, деп жазады turkystan.kz.

Оқиға Ош қаласында болған. Табиғи апат салдарынан жолдар қирап, көшелерді су басып, қалды. 

Қалада төтенше жағдай жарияланды. 

Сағат 14:00 шамасында жауған жаңбыр салдарынан Толойкон ауылы мен Озгур ауылындағы "Бөрүбай-Ата" демалыс орталығында сел жүрген.

Оқиға орнына 46 құтқарушы жеткізіліп, 420 адам қауіпсіз жерге көшірілді.