Жаңалықтар

«4 баланың анасы»: Ерке Есмахан оқырманына қымбат сыйлық берді

İnstagram

Әншінің 1,4 млн теңге тұратын сыйлығы 4 баланың анасына бұйырған.

Танымал әнші Ерке Есмахан желіде қымбат затын оқырмандарының біріне сыйға тартуға уәде берген. Өнер иесі сөзінде тұрып желі қолданушысына ерекше бренд сөмкесін сыйлаған.

Әншінің қымбат сыйлығы 4 баланың анасына бұйырған. 

«Уәде еткен сыйлық таңдалды. Бұл сөмкемді біраз елге, жерге, қуанышқа ұстаппын. Fendi брендінен алғанмын. Сөмкенің қазіргі бағасы - 1 млн 472 500 теңге. Жеңімпазымыз - 4 ұлдың анасы. Ақкөңіл, сыпайы, әдемі келіншек екен. Парақшасын көріп, қуанып кеттім. Құттықтаймын.

Бқйырған жанға қуаныш, бақыт, байлық ала келсін. Осы сөмкемен дүниежүзін аралаңыз. Қатысқандарыңызға рақмет! Енді жиі сыйлықсыйлап тұратын боламын», - деп жазды Ерке Instagram-дағы парақшасында.