Спорт

Рыбакина отандық теннис тарихында алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанды

x.com/Wimbledon

Жыл басынан бері ол 4901 ұпай жинаған

Елена Рыбакина "WTA чемпиондар жарысында" екінші орынға көтерілді, деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері қазақстандық 4901 ұпай жинаған. Рыбакинаның ең жақын тұрған ізбасары – 4505 ұпай жинаған "Уимблдон 2024" турнирінің финалисі италиялық Ясмин Паолини. Әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Швёнтек 7465 ұпаймен көш бастап тұр.