Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

14 шілде, 2024 / Ақмарал Берекет
Видеодан алынған кадр
Тағы 11 адам жарақат алып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді

Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Қаза тапқандар арасында Toyota Estima минивэнінің 4 жолаушысы және автобустың бір жолаушысы бар. 

Тағы 11 адам жарақат алып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Апат бүгін Ақшатау кентінен 30 км қашықтықта Қарағанды – Балқаш тас жолында орын алды.

Тэгтер:

Жол апаты Қарағанды облысы