Қоғам

Астанада екі монша қатарынан өртеніп кетті

ТЖМ

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда

Астана қаласында екі монша қатарынан өртеніп кетті, деп жазады turkystan.kz.

Елордалық құтқарушылар монша кешендерінің бірінің аумағында өртті сөндірді.

«ТЖМ мамандары оқиға орнына келгеннен кейін монша кешенінің аумағында екі моншаның жануы орын алғанын анықтады.

Құтқарушылар күштерімен ашық өрт оқшауланды», — деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.