Спорт

EURO-2024: Бүгін финалда Испания мен Англия кездеседі

istockphoto.com

Бүгін EURO-2024 ойындарының финалы болады

Бүгін, 14 шілдеде Еуропа чемпионаты финалында Испания мен Англия құрамалары ойнайды, деп хабарлады turkystan.kz.

Кездесу Берлин қаласындағы "Олимпиаштадион" стадионында өтеді.

Ойын сағат 00.00-де басталып, "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.