Атырауда 17 жастағы бозбаланы ұрып өлтірген тұрғын қамалды
13 шілдеде оған сот шешімімен екі ай мерзімге қамау шарасы санкцияланды
4 шілдеде Атырау облысы Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында ауылдасының соққысынан 17 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп жазады turkystan.kz.
Полиция «абайсызда қазаға ұшырату» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының нұсқауымен күдіктінің әрекеті «абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен дәрежеленіп, ол қамауға алынды.
13 шілдеде оған сот шешімімен екі ай мерзімге қамау шарасы санкцияланды.