Жаңалықтар

Бүгін күн күркіреп, нөсер жауын жауады

istockphoto.com

14 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Оңтүстік циклон және онымен бірге келетін атмосфералық фронттар жаңбыр шақырады.

Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта қатты жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. 

Елдің шығысында ғана антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. Күндіз Алматы және Жетісу облысында, Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық бар.

Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Абай облыстарында өрт қаупі жоғары болады.