Жаһан

Ұшақта дәретхана іздеген жолаушы байқамай апаттық есікті ашып жіберген

istockphoto.com

Оған үлкен айыппұл салынуы және әкімшілік қамауға алынуы мүмкін

Air China рейсінде қызықты оқиға болды. Алғаш рет ұшақпен ұшқан әйел дәретхана іздеп есікті шатастырып, байқамай апаттық есікті ашып жіберген, деп жазады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Стюардессалардың ешқайсысы жолаушының апаттық шығуға қарай бет алғанын және оны қалай ашқанын байқамаған. Бұл басқа есік екенін әйел дәретхананың орнына көше мен апаттық баспалдақты көргенде түсінген.

Бұл жағдайдың қауіпті салдары болмады, себебі бұл кезде ұшақ ұшу-қону жолағында тұрған болатын. Алайда оқиғадан кейін рейсті тоқтатып, ұшақты техникалық қызмет көрсетуге жіберуге тура келді.

Енді "дұрыс емес есікке кірген" әйелге үлкен айыппұл салынуы (22 мың фунт стерлингке дейін, ол шамамен 13 миллион теңгеден астам) және әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.