Қоғам

Павлодар облысында төрт мыңға жуық тұрғын жазаланды

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтың куәгері болған жағдайда 102 телефоны арқылы хабарлау немесе «Рolise 102» мобильді қосымшасын пайдалану, Instagram direct dp_pavlodar-ға хабарлама жіберу қажет екенін еске салады

Учаскелік инспекторлар құқықтық тәртіпті бұзған жағдайда қажетті шараларды қолдана отырып, жедел шешуге тырысады, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, үй тұрғындары ортақ чат арқылы учаскелік инспектордан сағат 03.57-де жүргізушіні  тыныштандыруды сұраған. Ол Н. Назарбаев даңғылы, 8/2 мекенжайындағы үйдің ауласында көлікте музыканы қатты қосып, азаматтардың тыныштығын бұзған. 

– Құқық бұзушыға қатысты тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалып, бес АЕК айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Руфат Кенжин. 

Дәл осы күні Жамбыл көшесіндегі үйдің тұрғындары да осындай шағымдармен жүгінген, сағат 01.20-да аулада белгісіз шу естілген. Сағат 01.10-да Сәтбаев көшесі, 245 және Назарбаев даңғылы, 32 мекенжайларында балалар алаңында дауыстап сөйлесіп, ән шырқаған. Барлық құқық бұзушылар жазаланды.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтың куәгері болған жағдайда 102 телефоны арқылы хабарлау немесе «Рolise 102» мобильді қосымшасын пайдалану, Instagram direct dp_pavlodar-ға хабарлама жіберу қажет екенін еске салады.