Жаңалықтар

Желіде Әйтеновтің бұрынғы отбасы үйінен күштеп шығарылғаны туралы видео тарады

Видеодан алынған кадр

Бұл оқиғаға Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева түсініктеме берді

Желіде Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің бұрынғы жұбайының күштеп көшірілген видеосы жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Қазақстандық Дана Атешова Instagram парақшасында үш баласымен бірге үйінен күштеп шығарылып жатқаны туралы видеоролик жариялады. Онда ер адамның әйелді шашынан ұстап, үйінен шығарып жатқанын көруге болады. Экранның бер шетінде бұл Марат Әйтеновтің бұрынғы жұбайы деп айтылады. Сондай-ақ, видеода жылап жатқан балалар үйінен қалай шығарылғанын, олардың біреуінің мұрнынан қан кетіп жатқанын байқауға болады. Оқиға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жеке сот орындаушыларының алдында болады.

«Ең өкініштісі, полиция мен ер адамдар алдында ол мені тағы да ұрды. Мен: «Полиция! Полиция» деп айқайладым. Ол мені тұншықтырды, шашымнан сүйреді. Бізде заң қайда? Полиция не істеп тұр! Ол менің шашымды жұлды», – деді Дана Атешова.

Бұл оқиғаға Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева түсініктеме берді.

«Дана Атешова мен оның балаларымен болған жағдайға қатысты. Бұл жағдай бойынша біз қала прокуратурасына хабарластық. Балалардың анасымен байланыстамыз.

Сондай-ақ, Бас прокуратураға кәмелетке толмағандарға қатысты қысымның, қорқытудың жолын кесу және аталған фактілерді жан-жақты қарау жөнінде кешенді шаралар жүргізу бойынша өтініш жолданды», – деді Закиева.