Қоғам

Алматыда вейп сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Polisia.kz

Күдіктіде өзімен бірге 30 электронды вейп болған

Алматыда вейп сатумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әуезов ауданында жедел алдын алу іс-шарасы барысында 21 жастағы ер адам ұсталды. Күдіктіде өзімен бірге 30 электронды вейп болған. Анықталғандай, ол тыйым салынған затты қашықтықтан сатқан. Ер адамның тапсырысты интернет арқылы алғаны белгілі болды.

Тыйым салынған тауарлар тәркіленді. Ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, - деп жазылған мәліметте.