Қоғам

ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

gov.kz

Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады

ТЖМ мамандары қазақстандықтарға ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері — халықтың отты абайсыз қолдануы және найзағай разрядтары.

Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады. Сондай-ақ от жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті», — делінген хабарламада.