«Адамның дегені бола берсе, бұл өмірдің несі сынақ?»: Ауруханада жатқан Жәнібек Әлімханұлы қазіргі жағдайы туралы
Ол ертең жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичке қарсы шығуы керек болған
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы желідегі парақшасында қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
"Нелер келіп не кетпейді ер жігіттің басына! Көп спортшылар сияқты біз де салмақ қуудың қиындығына тап болдық. Оңай емес. Бірақ біз бұдан да қиын сынақтарды бастан өткізгенбіз.
Бұйыртса бұл қиындықты да қасқайып тұрып, күпірден бойды аулақ ұстап өтеміз! Адамның дегені бола берсе бұл өмірдің несі сынақ?!
Денсаулық зор байлық! Зор байлықты ештеңеге айырбастауға болмайды! Бұйыртса алда жарқын жекпе-жектер күтіп тұр! Денсаулықты қалыпқа келтіріп алып жорықты қайта бастаймыз!
Жанашырлар, дұға-тілектеріңізге рақмет! - деп жазды боксшы.