ҰБТ кезінде 130 балдан жоғары көрсеткіш жинаған талапкерлер саны анықталды
Кейінгі үш жыл бойынша алғаш рет 140 балл жинаған талапкер шықты.
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасы Гүлзат Көбенова айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Кейінгі үш жыл бойынша алғаш рет 140 балл жинаған талапкер шықты. Естеріңізге салайық, ол Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының №22 орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек.
Сондай-ақ 139 балды 2 талапкер, Шығыс Қазақстан облысының түлегі Аяужан Мұратова мен Қызылорда облысының түлегі Нұрболат Жұбатқан жинағаны мәлім. Аталған екі талапкер де ауыл мектептерінің түлектері.
«716 оқуға түсуші 130 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді», - деді спикер Г.Көбенова.