Жаңалықтар

«Оған ерекше қасиет берген»: Баян Мақсатқызы Жанар Дұғалованың өнеріне баға берді

видеодан алынған скрин

Бұрындары әншінің продюсері болған Баян Мақсатқызы таңданысын жасыра алмады.

Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Жанар Дұғалова туралы жүрекжарды пікір білдірді, деп жазды turkystan.kz.

"Бүгін дыбыс жазу студиясында Жанар Дұғалованың біздің әлем жұлдызымен жаңа туындымызға жазған үш әнін тыңдадым. Мен оған қарап, қалай осыншама талантты болуға болады деп ойладым. Жаратушы сараңдық танытпай, оған ерекше қасиет берген. Мен онымен бір кездері бірге жұмыс істегеніме қатты қуаныштымын. Біз оған сендік, ал ол Бағым екеумізге сенді. Міне, бүгін бір тарихи сәтке куә болдық және бұл ұлы дүниенің тууы жаһандық нәрсені өмірге әкелуі мүмкін! Мен келесі шығармашылық ғажайыпты күтемін және ол міндетті түрде болады!", - деп жазды Баян Алагөзова.