Жаңалықтар

Қазақстандық семсерлесушілер – Азия чемпионы

olympic.kz

Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қа­зақ­стан қоржыны алтын жүл­де­мен толықты. Шпагамен семсерлесуден Қазақ­стан ерлер командасы Азия чемпионы атан­ды. Олар жарыс финалында Олим­пиада чемпионы саналатын Жа­пония құрамасын тізе бүктірді.  Сондай-ақ турнир барысында Ка­тар, Қырғыз Республикасы, Гонконг құрамаларынан басым түсті.  Шпагадан командалық сында Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов, Рус­­лан Курбанов пен Вадим Шарлаи­мо­втар сынға түсті. Аталған төрттік  Париж­дегі жазғы Олимпиада ойын­да­рында ел намысын қорғайды.