Жаңалықтар

Қуыршақ театры: 88-маусымының соңы

egemen.kz

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры мерейлі 88-маусым шымылдығын 29 маусым күні сағат 12:00-де француз жазушысы Шарль Перроның әлемге әй­гілі балаларға арналған  «Етік киген Мысық» ертегісімен және жа­сөс­пі­рім­дер мен ересектерге бағытталған белгілі классик қаламгер Николай Го­го­льдің «Шекпен» спектаклімен жабуды жоспарлауда.

Тамырлы тарихы ғасырға жуық Алматы Мем­лекеттік қуыршақ театры үшін 88-мау­сым тағылымды қойылымдарға, жарқын жеңістерге, зор жетістіктерге, жағымды жаңа­лықтарға толы елеулі сәттерімен есте қалды.  10 жылдан кейінгі қуыршақ театрының жаңаруы – 88-маусымның елеулі оқиғалары қатарында. Қуыршақ театрының ғимараты, фойесі, сахна кеңістігі, көрермен және дайын­дық залдары, грим бөлмелері, гар­де­роб, санитарлық-гигиеналық және басқа да орындар толықтай күрделі жөндеуден өтіп, театр қызметкерлері жаңа шабытпен жұ­мы­­сын жалғастырса, көрермендер жаңа кел­бет пен заманауи қойылымдарға куә бол­ды.  Әлемдік аренадағы қуыршақ теат­ры­ның жаңаша келбетін қалыптастыру, ха­лық­аралық шығармашылық байла­ныс­тарды нығайту барысында театр ұжымы 88-мау­сым­да Болгария, Түркия, Ресей мем­­лекет­те­рінде өткен халықаралық театр фес­тиваль­дерінде үздік атанып, жетістіктер қор­­жы­нын атаулы жүлделермен толық­тыр­ды.  Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қуыр­шақ театрының 12 қызметкері Герма­ния, Түркия және Ресей елдерінде кәсіби бі­ліктіліктерін жетілдіру мүмкіндігіне ие бо­лып, шығармашылық шеберліктерін шет­елдік білім беру орындарында шың­да­ды. 88-маусымда қуыршақ театрының та­ри­хына елеулі жаңалық алып келген І Ха­лық­аралық «ALMATY PUPPET FESTIVAL» қуыр­шақ театрлар фестивалі тұңғыш рет өт­кі­зі­ліп, Польша, Грузия, Болгария, Түр­кия, Өз­бек­­стан және Қазақстанның 150-ге жуық үз­дік театр майталмандарының басын қос­ты.  Қуыршақ театрының репертуар қор­жы­ны 88-маусымда 5 жаңа қойылыммен то­лықты. Геометриялық пішіндер әлемімен та­ныстыратын «Бауырсақ» ертегісі, алпауыт әлем­де анасын жоғалтқан кішкентай ма­монт­тың таңғажайып оқиғасын баян­дай­тын «Анасын іздеген Мамонт» спектаклі, бокс шебері әрі ұлт мақтанышы Бекзат Сат­тархановтың батыл рухын дәріптейтін «Чем­пион» қойылымы, барша бүлдіршін­дер­дің сүйік­ті кейіпкері туралы сыр шертетін «Етік киген Мысық» ертегісі және гру­зиялық ре­жиссер Николоз Сабашвили­дің жетек­ші­лі­­­гімен сахналанған «Шекпен» қойылымы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.   Еліміздің өзге де өңірлері тұрғындарына Ал­маты Мемлекеттік қуыршақ театрының өне­рін таныстыру және дәріптеу мақ­са­тын­да театрдың шығармашылық ұжымы Қа­рағанды және Талдықорған қалаларында гас­трольдік іс-сапар өткізді. Алдағы 89-театр маусымында көрер­мен­дерді ұтымды жобалар, жағымды жаңа­лық­тар, замануи спектакльдер асыға күте­тін болады.