Жаңалықтар

Партиялар ынтымақтастық орнатты

amanatpartiasy.kz

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек пен «Yeni Azərbaycan» партиясы Төрағасының орынбасары – Орталық аппарат басшысы Тахир Будагов бірлесіп жұмыс істеу және ынтымақтастық орнатуға қатысты меморандумға қол қойды.

«AMANAT» партиясы мен «Yeni Azerbaycan» партиясы Қазақстан Рес­пуб­ли­касы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. «AMANAT» партиясының Атқарушы хат­шысы Дәулет Кәрібек екі мемлекет ара­сында дәстүрлі достық қарым-қатынас сақталып келе жатқанына назар аударды. Оның айтуынша, аталған меморандум екі ел­дегі саяси партиялардың өзара диа­ло­гын жандандырып қана қоймай, мемле­ке­таралық қатынастардың достық пен та­ту көршілік рухында дамуына серпін бере­ді. «Yeni Azərbaycan» партиясы Төраға­сы­ның орынбасары – Орталық аппарат бас­шы­сы Тахир Будагов екі мемлекет ара­сын­дағы қарым-қатынастың тарихи және мә­дени-гуманитарлық аспектісіне тоқ­талды. Ол «Yeni Azərbaycan» партиясының мем­лекеттер арасындағы тату көршілік қатынастарды одан әрі нығайту мақса­тын­да «AMANAT» партиясымен ынты­мақ­тастықты жандандыруға ниетті екенін растады. Қос тарап партиялық құрылыс мәсе­ле­сі, экономикалық және мәдени-гума­ни­тарлық даму, заң шығару, жастар және ген­­дерлік саясат сынды өзара ынты­мақ­тастықтың бірқатар бағытын айқындады. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар па­ртиялық оқыту мен партия кадрларын даяр­лауды дамыту саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Кездесу соңында қос тарап партияаралық диалогты белсенді нығайтуға уағдаласты, сондай-ақ күн тәртібіндегі екіжақты және халықаралық кең ауқымды мәселелер бойын­ша пікір алмасты. Сонымен қатар Дәулет Кәрібек Әзер­бай­жанның жалпыұлттық көшбасшысы Гей­дар Әлиевтің рухына тағзым етіп, 1990 жыл­ғы қайғылы оқиға құрбандары жер­ленген және Таулы Қарабақ үшін болған шайқастарда қаза тапқан бауырластар зи­раты – «Шаһиттер аллеясындағы» Мәң­гілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.