Қоғам

Алматыда ер адамды күрекпен өлтіріп, өзенге лақтырып жіберген

istockphoto.com

Екі таныс жағада ішімдік ішіп, кейін жанжалдасып қалған.

Алматы қаласында 51 жастағы тұрғынды күрек сабымен ұрып өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның денесі Есентай өзенінен табылды. Екі таныс жағада ішімдік ішіп, кейін жанжалдасып қалған. Жақын жерде тұрған күрек сабы қылмыс қаруына айналған.

«25 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тергеліп жатыр», – делінген хабарламада.