Спорт

Жәнібек Әлімханұлы жаңа қарсыласымен көз түйістірді

instagram.com / janibek_alimkhanuly

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 14 шілдеде Лас-Вегастағы (АҚШ) Palm Casino Resort аренасында өтеді.

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлыны кезекті жекпе-жегі алдында қарсыласымен көз арбасып, баспасөз маслихатын өткізді.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 14 шілдеде Лас-Вегастағы (АҚШ) Palm Casino Resort аренасында өтеді. Әлімханұлы екі бірдей чемпиондық атағын қорғайды.

«Менің мақсатым – төрт белбеу. Бірден екі титулды бірінші рет қорғайтыным маңызды емес. Мақсатым – барлық төрт белбеуді жеңіп алып, содан кейін қорғау. Жекпе-жекке келіскен Андрейге рақмет. Оның кейбір чемпиондардан айырмашылығы менімен жұдырықтасуға келісті. Әрине мен Андрейдің алдағы жекпе-жекте барын салатын жас, жеңілмеген және аш қарсылас екенін түсінемін. Әдеттегідей Калифорнияда дайындалдым. Лагерьде бәрі жақсы өтті. Менің 4-5 түрлі спарринг серіктестерім болды, олар маған жақсы дайындалуға көмектесті», - деді Әлімханұлы баспасөз мәслихатында.

Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) соңғы жекпе-жегінде Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутпен жеңген еді. Ал Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) соңғы рет шаршы алаңға сәуірде шығып, венесуэлалық Эдисон Сальтаринді бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын.