Жаңалықтар

Қызылордада танымал блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

istockphoto.com

Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта блогердің жергілікті құрылыс компаниясының басшысынан ақша бопсалағаны үшін ұсталғаны айтылған. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер жариялануға жатпайды», — делінген полиция хабарламасында.