Димаш Сербиядағы EXIT фестивалінде хедлайнер ретінде өнер көрсетті
Фестивальде әртүрлі жанрларда өнер көрсететін әлемдік музыка сахнасының ірі жұлдыздары өнер көрсетті.
Фестивальдің ашылуында хедлайндер Димаш Құдайберген мен әлемнің үздік 100 диджейлерінің бірі Бурак Йетер болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Димаштың репертуарындағы фестивальдің ең үздік туындысы – «Weekend» – түрік және қазақстандық музыканттардың бірлескен әні мыңдаған көрерменнің қошеметіне бөленді.