Спорт

Словакиялық клуб «Тобылдың» тас-талқанын шығарды

Сурет: https://prosports.kz

Ел кубогының иегері словакиялық «Ружомберокпен» кездескен.

Қостанайлық «Тобыл» УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде ірі есеппен жеңілді, деп хабарлады turkystan.kz порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Командалар арасындағы алғашқы матч «Чебрат» стадионында өтті.

Ойын есебін 9-минутта «Тобыл» ойыншысы Игорь Иванович ашты. Екі минуттан соң Симон Да Силва есепті теңестірсе, 40-минутта алаң иелері сапында Александер Селецки қарсылас команданың ұпайын еселеді.

45-минутта Давид Энин допты бос қақпада тулатып, қонақтар таразы басын теңестіре алды. Бірақ үзіліске дейін словакиялықтар қайта гол соқты - Матуш Мали өз командасының үшінші голын салды.

Екінші таймда алаң иелері тағы екі гол соқты. 77-минутта Матей Мадленак қақпаға доп салса, матч соңында Мали ойын нүктесін қойды. Есеп - 5:2. Бір қызығы, қостанайлықтар бес голдың төртеуін бұрыштамадан жіберіп алды.

Енді 18 шілдеде командалар Қостанайда қарымта матч өткізеді.