Қоғам

«Жігітіммен кездесуге шығып, інісімен қыдырып кеткенмін»: Жеңіс Ысқақова жастық шағын еске алды

видеодан алынған скрин

Әнші әлеуметтік желіде қайнысымен қалай танысқанын айтты.

Жеңіс Ысқақова желі қолданушыларына жастық шағындағы қызықты оқиғасын айтып берді, деп жазды turkystan.kz.

“Зымырап жатқан уақыт-ай. Сонау тоқсаныншы жылдардың басында жолдасыммен енді кездесіп жүрген уақыт болатын. Бір күні жігітім мені театрға шақырды, кездесу Мұхтар Әуезовтың ескерткішінің алдында. Кешкі сағат18:00-де болу керек еді. Мен келіскен уақытта келдім, бірақ жігіт жоқ. 10-15 минуттай сол жерде тұрдым. Ол кезде ұялы телефон деген жоқ. Содан бір мезгілде қасыма десант киімімен әскерден жақында келген бір ұзын жігіт келіп: “Мен Тоханың інісі Рахат боламын, ағамның бір шаруалары болып қалды. Театрға сізді мен апарамын” деді. Жігітіммен кездесуге шығып, інісімен қыдырып кеткенмін. Болашақ қайныммен осылай танысқанмын. Кейін тұрмыс құрғаннан кейін Рахат біздің балапандарымызды бағып, жаялықтарын жуған кездері де болған. Сөйтіп бірге есейдік. Кейін келіншегі Салтанатты біздің үйге түсірді. Өзім орамалын тағып, қарсы алған болатынмын”, – деп жазды әнші.